Шымкент Наурызға 565 млн теңге қаржы жұмсаған

0
323

🌓Наурыз мерекесін атап өттік. Енді бюджетімізге оралайық
💸 Шымкентте Наурызға 565 млн теңге жаратылған
👉 Барлығы 6 сатып алу өткен. Тапсырыс беруші – «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК.
🕺 Басшысы Сәкен Майғазиев.
Бұл қандай шаралар және бағасы қанша?
✅ Шымкент қаласының мәдени нысандарын әлеуметтік желілерде тарату – 22,9 млн тг;
✅ «Наурыз айтыс» – 40 млн тг;
✅ «Open Art gallery» – Айқап журналының құрылғанына 110 жыл» – 50 млн тг;
✅ «Дәстүрлі ән мен жырлар» – Дина Нұрпейсова» – 50 млн тг;
✅ «Bala дауысы, Super Live, Жұлдызай» іс-шарасы – 80 млн тг;
✅ «Шымкент қайырымды қала» – ұлыстың ұлы күні» – 322,2 млн тг.
Барлық сатып алу Тікелей бір көзден алу тәсілімен өткен.

Дереккөз:Zertteu Researh Institute