Шымкент мейрамханаларының бірінде лауазымды шенеунік ұсталды
Күдіктілер 120 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Шымкент мейрамханаларының бірінде ветеринарлық бақылау және қадағалау қалалық инспекциясы басшысының міндетін атқарып жүрген шенеунік ұсталды.
Шымкент қаласының жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, шенеунік жекеменшік компаниядан ветеринарлық сертификаттар үшін 120 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Оған Шымкент қаласы ветеринарлық қызметінің дәрігері көмектескен.
Күдіктілер кінәсін толық мойындағандықтан, олар қамауға алынбаған. Тергеу жүріп жатыр.
«Күдіктілердің кінәсінің деңгейін анықтауға қатысты соңғы шешімді сот шығарады», — делінген хабарламада.
sputniknews.kz