Шымкент имамдары жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмысын жүргізбек

0

2018 жылғы 7 желтоқсан 12:41 31

Шымкент имамдары жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмысын жүргізбек


ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат — Шымкенттің мешіттерінде жұма намаздар барысында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болды. Бұл туралы орталық мешітте имамдардың қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов пен қалалық ішкі саясат жіне дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғ.Байсариев, Орталық мешіттің наиб имамы, мешітке келген азаматтар қатысты.

Сыбайлас жемқорлықпен күреске қоғамды тарту мақсатында ұйымдастырылған шарада кез келген заңбұзушылыққа төзбеушілік танытуға тәрбиелеуде дін өкілдерінің үлесі басым екендігі айтылды. Мешіттерде  жемқорлықтың алдын алуды түсіндіруді бала кезден бастау қажеттігі сөз болып, осы орайда отбасының рөлі зор екені атап өтілді.

Шымкент имамдары жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмысын жүргізбек

Сондай-ақ, қаладағы 104 мешітте тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылып, қала имамдары бірауыздан қолдау білдірді.