Шымкент әуежайы сатылымға шықты

0
596

Шымкент әуежайы сатылымға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің теңгеріміндегі Шымкент әуежайы сатылымға шықты. Әуежай сенімгерлік басқаруға арналған тендер бойынша сатып алу құқығымен берілмек.

Бастапқы бағасы — 5 695 225 000,00 теңге. Қазір құжат қабылдау басталды. Сатылым 9 ақпан күні сағат 10:00-де өтеді.

Тендер шарттарына сәйкес сатып алушы:

— әуежайды сенімгерлік басқару кезеңінде әуежай қызметінің бейінін сақтауға;

— сенімгерлік басқару кезеңінде әуежайдың техникалық жай-күйін жақсартуға (өндірістік үй-жайларды қаңғырту, перрон жабындысын реконструкциялау, техникаларды жаңғырту) және әуежайдың инфрақұрылымын азаматтық авиация саласындағы қазіргі заманғы стандарттарға келтіру мақсатында жаңғыртуға;

— заңнама талаптарына сәйкес, сенімгерлік басқару шарты заңды күшіне енген күннен бастап жолаушылар ағынын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту мақсатында, яғни перронды қайта құру және жаңа жолаушылар терминалын пайдалануға беру үшін кадастрлік №22-327-023-029 жер учаскесін (ауданы 6 Га жер учаскесі(перон)) иеліктен шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға

— әуежайдың жарамдылық сертификатын ұстап тұру және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сертификаттау талаптарын қамтамасыз етуге (жарамдылық сертификатын ұсыну);

— жұмыс орындар санын сақтау және қажет болған жағдайда жаңа жұмыс орындарын ашуға;

— әуежайдан маршруттық желіні дамыту арқылы әуежай көрсететін жұмыстар мен көрсететін қызметтердің көлемін ұлғайтуға;

— табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуге;

— авиация персоналының біліктілігін арттыруға, оларды оқытуға, қайта даярлауға;

— объектінің коммуналдық қызметтерімен келісім-шарттарды жасасуды қамтамасыз етуге (су, газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және т.б.) міндетті.