Шымкент әкімінің орынбасары халықтан кешірім сұрады

0

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов биылғы қыста жылусыз қалған «Тұран» және «Шымкент сити» шағын аудандарының тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл туралы Otyrar.kz сайты жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Шенеуніктің айтуынша, мердігерлердің салғырттығынан екі шағын ауданның тұрғындары жылусыз қалған. Мәулен Айманбетов қала тұрғындарынан көпшілік алдында кешірім сұрады.

«Бүгінгі күні біз мердігерге жылу деңгейін 70 пайызға түсірмеу туралы тапсырма бердік. Мердігерлер құрылысшыларды дер кезінде есепке алмағандықтан, құрылысқа қатысты да кемшіліктерді анықтадық. Біз оны бақыламағанымызды мойындаймын. Сондықтан барша құрылысшылардың атынан қала тұрғындарынан кешірім сұраймын. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сондай-ақ «Shymkent City» құрылысын жүргізген техникалық басшылардың лицензиясын алып, айыппұл салдық», — деді қала әкімінің орынбасары.