Шымкент әкімі балмұздақ пен ойыншық сатып, пәтер алған кезін еске алды — новости Казахстана

0

Шымкентте қалалық отбасы, балалар және жастар басқармасының ұйымдастыруымен өткен жастар форумында шаһар әкімі балмұздақ пен ойыншық сатқан кездерін еске алды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ғабидолла Әбдірахымов

Ғабидолла Әбдірахымов

Студент кезін еске алған шенеуніктің сөзінше, қазіргі заманда әр адамға жағдайын жасап алуға мүмкіншіліктер көп.

«Мен ойлаймын, әрбір жас азаматқа денсаулығы жарап тұрса заң бойынша табыс тауып, өзінің жағдайын жасауға барлық мүмкіншіліктер бар. Біз де студент болғанбыз. Студент кезімізде кәсіпкерлікпен де айналыстық. Әртүрлі заттар: балмұздақ, жеміс пен ойыншық та саттық. Соның арқасында біраз ақша таптық.

Мен және өзімнің достарым бәріміз 3-4 курст оқып жүріп Алматыдан пәтер алдық. Ата-анамыз бір тиын да берген жоқ. Қайта керісінше, біз ата-анамызға қарастық. Ол кезде қиын заман болды. Ал қазір бұрынғымен салыстырғанда мүмкіншіліктер көп», — деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Еске сала кетейік, белсенді жастар форумда әкім Instagram-да отырып, уақытын босқа өткізетін жастарға да өз ақылын айтқан еді.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар