Шымкент әкімі әлеуметтік желіде парақша ашып, қазақстандықтарға өсиет әңгіме айтып берді

0

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram желісінен парақша ашты. Ол алғашқы жазбаларының бірінде өсиет әңгіме жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланысты маңыздылығын айтқаннан кейін облыс және қала әкімдері Instagram желісінен парақша ашуда. Олардың қатарына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та бар.

Ол өзінің алғашқы жазбаларының бірінде өсиет әңгіме жазған. Онда әр адамның өмірлік жағдайды қалай қабылдайтыны жөнінде сөз болады.

 

Әкімнің желідегі парақшасына 3 күннің ішінде 7 мыңнан аса адам жазылған.

Ғабидолла Әбдірахымовтың Instagram желісіндегі парақшасы — gabidullaabdrakhimov.

stan.kz