Шымбұлақта ірі қар көшкінінен бір адам қаза тапты

0

Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының маңында бес қар көшкіні қабаттаса көшті.

Расталмаған мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына жөнелтілді.

«Иә, РОСО-ның жедел тобы мен кинологиялық топ кетіп қалды. Әзірге қосымша ақпарат жоқ», — деді РОСО баспасөз қызметі.

 

Мәліметтер нақтылануда.