Шығыс Қазақстандағы төтенше оқиға – 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды

0

Жерасты тау кен өндірісінде өрт шығып, екі жүз адам қауіпсіз жерге шығарылғаны хабарланды. Өндіріс тоқтатылған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстанда Риддер-Сокольный кен орнының жұмысшылары эвакуацияланды, деп хабарлайды өңірлік YK-news.kz басылымы.

«14 сәуір күні жерасты өндірісінде өрт болуы қаупіне байланысты 206 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ», – деп абарлады Риддердің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы.

Отты пайдалану ережесінің сақталмауы төтенше оқиғаға  себеп болуы мүмкін екені айтылды. 

Өндірісте жұмыс тоқтатылған жоқ.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз