Шығыс Қазақстандағы төтенше оқиға — 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Жерасты тау кен өндірісінде өрт шығып, екі жүз адам қауіпсіз жерге шығарылғаны хабарланды. Өндіріс тоқтатылған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстанда Риддер-Сокольный кен орнының жұмысшылары эвакуацияланды, деп хабарлайды өңірлік YK-news.kz басылымы.
«14 сәуір күні жерасты өндірісінде өрт болуы қаупіне байланысты 206 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ», — деп абарлады Риддердің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы.
Отты пайдалану ережесінің сақталмауы төтенше оқиғаға себеп болуы мүмкін екені айтылды.
Өндірісте жұмыс тоқтатылған жоқ.
sputniknews.kz