Шығыс Қазақстанда қабір қазуға кеткен жігіттің мәйіті табылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қабір қазуға көмектесу үшін зиратқа кеткен Асхат Әлжановтың денесі бір аптадан кейін өз үйіне жақын жерден табылған

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Бүкенші ауылының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен болатын, деп хабарлады YK-news.kz порталы.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында «Volontery_semey_Lider.kz» қозғалысының белсенділері «Семей қаласына іргелес Бүркенші ауылының тұрғыны жоғалды» деген ақпарат таратқан еді. 36 жастағы Асхат Әлжанов 7 ақпанда қабір қазуға көмектесу үшін зиратқа кеткен. Содан бері оны ешкім көрмепті.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің қайда екені анықталды 

Үш күннен кейін Асхаттың анасы полицияға арыз жазып, ұлының жоғалғаны жайында хабарлаған.  

«14 ақпанда ер адамның өлі денесі өз үйіне жақын жерден табылды. Визуалды тексеріс кезінде зорлық-зомбылықтың іздері анықталған жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, ол суықтан қайтыс болған. Сараптама тағайындалды», – дейді полицейлер.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз