Шығыс Қазақстанда науқас медбикені зорлады – сот үкімі шықты
Қысқа сілтеме алу
Зорлықшы үш баланың анасын еденге атып ұрып, жастықпен тұншықтырған. Медбике амалын тауып қашып құтылған
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Зубаир ауылында медицина қызметкерін зорлаған тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды YK-news.kz.
Жаза тағайындағанда оқиғаның зардап шегуші қызметін атқару кезінде болғаны ескерілген. Сондай-ақ, зорлықшының мас болған.
«Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (өлтіру қатерін төндірумен ұласқан зорлау) ер адамға сот үкімі шықты», —деп хабарлады Бородулихинский аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылады. Медбикеге моральдық шығын ретінде 2,5 миллион теңге көлеміндегі өтемақы төленеді.
«Үкім заңды күшіне енген жоқ. Шағым түсірілсе, үкімнің заңдылығы апелляциялық инстанцияда тексеріледі», — деді баспасөз қызметі.
sputniknews.kz