Шығыс Қазақстанда 400-ден астам жолаушы қар құрсауында қалды

Жүргізушілер мен жолаушылар «Алматы-Өскемен» тас жолында қар құрсауында қалды
АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында «Алматы-Өскемен» тас жолында көліктер кептелісте тұр. Боранда жолға шыққан ондаған көлік қар құрсауында қалды.
Жолда жеті автобус, 45 «КАМаз», 30 жеңіл көлік, 8 «ГАЗель» және 420 адам кептелісте тұр, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Қар құрсауында қалғандарға көмек көрсетуге құтқарушылар келді (13 адам мен 6 техника). Бірақ адамдар көліктерін тастап кетуден бас тартты.
Жолды тазартуға «Қазақавтожол» кәсіпорнының төрт техникасы жұмылдырылды. Қардың астында қалған жолдың ұзындығы — үш километр. Бұл бағыттағы автожолда қозғалыс сағат 12:00 бері жабық.
Қазіргі уақытта Таскелең ауылындағы Үржар аудандық әкімдігінің мәдениет үйінде жолда қалғандарға жылыту орындары ұйымдастырылған.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/