Шығыс Қазақстан полицейлері ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын қулыққа барды

0
46

Тәртіп сақшылары бұл әдіс жүргізушілерді жолда мұқият болуға мәжбүрлейді деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының жолдарында патрульдік полиция авкөліктерінің макет-муляждары пайда болды, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Муляждар айнытпай жасалған, алыстан шын көлік секілді көрінеді. Жүргізушілер бұл патрульдік полиция экипажының тұраққа орнатып қойған макеті екенін жақындағанда бір-ақ түсінеді.


©
Photo : департамент полиции Восточно-Казахстанской области

ШҚО жолдарындағы полицейлер автокөлігінің муляжы

Қазіргі таңда осындай төрт муляж қойылған. Олар қала сыртындағы ең қауіпті учаскелерде орнатылып жатыр, мұнда жүргізушілер жол қауіпсіздігі үшін жылдамдықты баяулатуы қажет.

Статистика көрсеткендей, Шығыс Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының үштен біріне жылдамдықты асыру себеп болады.   2019 жылдың алты айында 394 жол апаты тіркелсе, оның 124-і белгіленген жылдамдықты асырудан болған.



sputniknews.kz