Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда жарылыс болып, адамдар қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда жарылыс болып, адамдар қаза тапты.
«Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән — жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады полиция департаменті.
Бұл «Өскемен-Самар» автожолының 75 шақырымында болды. ШҚО ПД мәліметтері бойынша, ЖКО VOLVO маркалы жүк көлігінің қатысуымен болған.
Жүк көлігімен тасымалданатын заттың жарылуынан көлік құралының жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.
фото: iz.ru