Шығыс Қазақстан облысында карантин мерзімі ұзартылды — Қазақстан жаңалықтары
Шығыс Қазақстан облысында карантин 13 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаилов қол қойды.
«Өткен 7 күнде облыстағы ауру деңгейі 9,3 пайызды құрады. Өскеменде — 14,3 пайыз, Семейде — 17,8 пайыз», — делінген қаулыда.
Осыған байланысты, қалалар мен аудандардың әкімдеріне сыртқы шекаралардағы, Шығыс Қазақстан облысынан Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан кіру және шығудағы жол тосқауылдарының жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ облыстар мен қалалар арасындағы блок-бекеттерді бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ, облыстың аудандары мен қалалары арасындағы блок-бекеттер арқылы көлік құралдарының кіруі мен шығуы қызыл немесе көк түстің арнайы рұқсатнамаларына сәйкес болады, сондай-ақ жұмысқа бару құжаттарға сәйкес мүмкін болады деп хабарланған.
Облыс, аудандар мен қалалардың шекараларында дәрігерлер тексеру жүргізеді.
Өскемен қаласының тұрғындары демалыс аймақтарына тек жұма күні 18:00-ден жексенбі күні 21:00-ге дейін ғана бара алады.
Өскемен мен Семейден басқа барлық елді мекендерде сауналардан, барлардан, түнгі клубтардан, караоке мен кальяннан басқа бизнестің барлық түрлеріне қайта жұмыс істеуге рұқсат етілген.
stan.kz