“Ақша бөлінді, кино қайда?”: Мемлекеттен қыруар қаржы бөлінсе де, құрдымға кеткен 75 фильм

0

Мемлекеттен қыруар қаржы бөлінсе де, кассалық жинағы төмен не сол күйі шықпай қалған фильмдер жетерлік. Дәлірек, олардың кірісінен шығыны көп. Осындай 19 миллиард теңгеге түсірілген 75 фильм бар. Сол кинолардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

    1. “Бесойнақ” — “Тұрсыновфильм” ЖШС режиссерлерінің туындысы. 2019-2021 жылдары жазушы Ермек Тұрсыновтың бұл жобасына 500 миллион тенге көлемінде қаржы бөлінген. Бірақ фильм сол күйі прокатқа шықпады.
    2. “Бату” — кинорежиссер Рашид Нугмановтың  тарихи детективі. 192 миллион тенгеге түсірілген. 2021 жылы аяқталғанымен, көпшілікке жол тартқан жоқ.
    3. “Тырналар” — 422 миллион тенгеге түсірілген Дамир Манабайдың фильмі. Прокатта жоқ.
    4. “Хирург” — 239 миллион тенгеге түсірілген Ардақ Амиркуловтың киносы. Кассадан түскен қаржы 1,1 миллион тенге.
    5. “Боксер” — Ақан Сатаевтың 900 миллионға түсірген фильмі. Алайда касса жинағы 25 миллион тенгеден аспады.
    6. “Жизнь” — Эмир Байғазиннің 500 миллион тенгеге түсірген туындысы. Кинодан түскен қаржы 650 миллион.
    7. “Лето 1941 года” — Бекболат Шекеровтың киносы. 697 миллион теңгеге түсірілген. Түскен қаржы 40,6 миллион.
    8. “На старте” — Ернар Нұрғалиевтың бұл фильмді түсіруіне мемлекеттен 468,5 миллион қаржы бөлінген. Жинақ — 15,5 миллион.
    9. “Схема” — Фархат Шариповтың бұл жобасы 300 миллион теңгеге түсірілген. Кассадан түскен ақша 21,8 миллион теңгені құрады.
    10. Бірақ осы туындылардың ішінде жақсы табыс әкелгендері де болды. Мәселен, “Каникулы оффлайн” 38 миллионға түсіріліп, 90 миллион қаржы жинады. Ал “Дос-Мұқасанға” 424 миллион теңге жұмсалғанымен, кіріс 503 миллион теңгені құрады.

Ақша бөлінгені баршаға аян, бірақ аяқсыз қалған фильмдердге сұрау бар ма? 

 

Фото: secretmag.ru