Швецияда Қадыровты сынға алған блогер өлтірілді

0

Швецияда Рамзан Қадыровты сынайтын шешен оппозициялық блогер Тумсо Абдурахманов өлтірілді. Бұл туралы 1ADAT телеграм-каналы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Абдурахмановты желтоқсанның бірінен екісіне қараған түні атып кеткен. Бізде оның өлімін растайтын мәліметтер жеткілікті»,— делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2015 жылы оппозиционер өзін Рамзан Қадыровтың туыстарымен байланысы бар адамдардың ұрлап кеткенін мәлімдеген еді. Осы оқиғадан кейін ол Ресейден кетіп қалды.