Шұңқырға түсіп кеткен ақтөбелік туралы ақпаратқа сыйақы тағайындалды

0
Шұңқырға түсіп кеткен ақтөбелік туралы ақпаратқа сыйақы тағайындалды


Шұңқырға түсіп кеткен ақтөбелік туралы ақпаратқа сыйақы тағайындалды.

Ақтөбе қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен Кенжебай Алдашевтың отбасы ақпарат берген адамға сыйақы тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеліктер жоғалып кеткен 54 жастағы Кенжебай Алдашевты бір апта бойы іздеп жатыр.  Заречный полиция бөлімі, 6655 әскери бөлімі мен кинологтар да іздеуді жалғастырды. Бір апта ішінде радиусы 15 шақырым болатын жер бірнеше рет тексерілді. Бірақ іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей отыр. Бүгін отбасы Кенжебай Алдашев туралы кез келген ақпаратқа сыйақы беретінін мәлімдеді.

«Жолдасым Кенжебай Алдашевты бір аптадан бері таба алмай отырмыз. Тума-туыстарымыз, көрші, еріктілер, достары іздеуге қосылды. Күнде кешкілік жоспар құрып, таңертең шығып, іздейміз. Ол жездемізге таңғы 4:30 шамасында телефон шалып, «аяғым тоңды, талдан қармап тұрмын» деп айтқан. Сол күйі телефонының қуаты таусылып, бірде сөніп, бірде қосып, сағат 6:30-ға дейін сөйлесті. Оқиға орнына барғанымен дәл таба алмады. Негізі 9 қараша күні шаруашылыққа барып, жол бойы үйге нан ала келемін деп айтты. Қазір іздеуден еш нәтиже болмай тұр. Төтенше жағдай қызметі, полиция іздеді. Қазір өзім бақсы, балгер жағалап жүрмін. Кез келген ақпаратқа сыйақы береміз. Ең болмаса денесі табылса деген ойымыз бар», – деді жұбайы Ғалия Алдашева.

Айта кетейік, Кенжебай Алдашев жеке шаруашылығында жүріп, күн сайын үйіне телефон шалып тұрған. Балалары хабарсыз кеткен әкесін іздеу үшін суретін шығарып, қазір қаладағы хабарландыру орындарына ілуге көшті.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз