Шухрат Ибрагимов мемлекеттің қаржысына майнингтік ферма ашқан

0

Қазақстандық бизнесмен Алиджан Ибрагимовтің ұлы Шухрат Ибрагимов пен Қайрат Сатыбалдыны не байланыстырады? Әкесінен қалған байлықты Шухрат Ибрагимов қалай меңгерді немесе оның заңсыз қитұрқы әрекетін ел біле ме? Міне, осы жөнінде жуырда «fair-news.ru» сайты қызықты мақала жариялады деп хабарлайды kznews.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы оқиғаларды ескерсек, марқұм бизнесмен Алиджан Ибрагимовтің ұлы Шухрат Ибрагимовтің есімі криптовалютаға және ол үшін «суық әмияндар» деп аталатын қымбат спутниктерді ғарышқа ұшырудың арқасында белгілі болған еді. Мемлекеттік бюджеттен түскен соншама қаржы қайда кетті? Марқұм әкесі Алиджан Ибрагимов бар күш-жігерін экономика мен бизнесті дамытуға бағыттаса, ұлы өзінің күш-жігерін өз мүддесін көздеуге, белгілі бір адамдарды байытуға бағыттауды жөн көрді.

Жуырда тұтқындалған Қайрат Сатыбалдымен Шухрат Ибрагимовтің тығыз байланысы бар екенін көпшілік біле бермейді. Кіші Ибрагимов пен Қайрат Сатыбалды арасындағы тығыз қарым-қатынасты Дубай мен Бодрумдағы жиі кездесулер дәлелдейді. Жоғарыда аталған екі тұлғаның достығы жарнамаланбағанымен, кіші Ибрагимовтің Қазақстан бюджетінің есебінен тәуекелді және тиімсіз жобаларды жүзеге асыруы оның Қайрат Сатыбалдымен әмпай-жәмпай болғандығын көрсетеді.

Қазақстанда Шухрат Ибрагимов Сатыбалдының қолдауымен заңсыз майнингпен және елден қаражатты шығарумен айналысқан. Ақсу қаласының іргесіндегі майнингтік ферманың құрылысына «Қазхром» ТҰҚ» АҚ бас директоры Арман Есенжолов Шухрат Ибрагимовтің нұсқауымен 5 млн АҚШ доллары көлемінде бюджет қаражатын бөлген. Бұл қаржыға екі ангар салынып, 10 МВт электр қуаты қосылған. Яғни, шын мәнінде аса ірі көлемде бюджет қаражаты ұрланған.

Бұл жерде «Қазхром» ТҰҚ» АҚ-на майнингтік ферма не үшін қажет деген сұрақ туындайды? Демек, бұл Шухрат Ибрагимов пен оның ықпалды серіктестеріне қажет болды деген сөз. Шухрат Ибрагимов бюджеттің қаржысын пайдаланып, жеке бизнесі үшін майнингтік ферма ашқан. Төлем Дөң тау-кен комбинатының бюджеті есебінен жүргізілген, бұл мемлекеттік бюджетке айтарлықтай шығын әкелген. Аталған фермаға электр энергиясы Ақсу қаласының қалалық электр ресурстарынан жүргізілген. Оның әрбір киловаты 0,025 АҚШ долларын құрайды. Бұл электр энергиясының құнының айтарлықтай төмендетілгенін көрсетеді. Майнингтік ферманы техникалық қызмет көрсету және электр қуатымен қамтамасыз етуді «Ақылды қала» ЖШС жүргізген, яғни стандартты тендерлер мен тексерулер өткізілмей, ферманың барлық қызметі күмәнді қолға өтіп кеткен. Бұл тікелей сыбайлас жемқорлық дерегін көрсетеді.
Сондай-ақ Шухрат Ибрагимов қаражатты, оның ішінде бюджет қаражатын шетел шоттарына шығаруға үлес қосқаны да белгілі болды. Олар ресурстарды пайдалана отырып, мемлекет есебінен байыған. Тіпті, оның ғарыш айлағын жеке мақсатта пайдалануының өзі осыны аңғартады. Шухрат Ибрагимовтің әрбір жобасы толық көлемде жүзеге асырылып отырған, ешкім оған «әй» демеген. Былай алып қарағанда, ең ауқатты, бай, ықпалды меценатсыз, белгілі отбасы мүшесінің қатысуынсыз мұндай істер ешкімнің қолынан келмейді.

Мұндай «достық» болмаса, кәсіпкердің жобаларын не күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. Бірақ мемлекет миллиардтаған долларды қолдан жіберіп алатыны анық. Сондай-ақ, Шухрат Ибрагимовтің екі мемлекеттің саяси ісіне араласу мәселесі де бүгінде ашық күйде қалып отыр. Өйткені, Ибрагимов екі мемлекеттің саяси ареналарында еркін әрекет етті, бұл Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі саяси істеріне іріткі салуы мүмкін.

Қорыта айтқанда, Шухрат Ибрагимов екі елдің қазіргі таңда «масқара болған» саясаткерлері мен бизнесмендерімен тығыз достық және іскерлік байланыста бола отырып, Қазақстан экономикасына айтарлықтай зиян келтірді. Сондай-ақ ол Қырғызстандағы саяси жағдайдың тұрақсыздануынан Қырғызстан Республикасының бұрынғы Премьер-министрі Сапар Исаковтің кетуіне «үлес қосты».

Осылайша биліктің жоғары эшелонындағы мүдделері мен амбициялары арқылы Шухрат Ибрагимов өзінің жеке есептерін толықтырып, іскерлік және саяси элитаның ортасында біраз «салмаққа» ие болды. Кәсіпкер осы уақыт ішінде Қазақстан және көршілес Қырғызстан Республикасының экономикасына зиян келтіріп, санаулы адамдардың жеке бизнесінің пайдасына ғана жұмыс істеді және заңнаманы өрескел бұзды.

Дереккөзhttps://fair-news.ru/politika/neputevyj-syn-alidzhana-ibragimova/