Шұғыл түрде заңдарды өзгертіп, шекараны жабу керек! — Абзал Құспан

0

Белгілі адвокат Абзал Құспан мобилизациядан қашқан ресейліктерге қатысты өз пікірін білдіріп, Қазақстан шұғыл түрде заңдарды ситуацияға сәйкес өзгертіп, шекараны жабу керек деп мәлімдеді. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады. 

«Шекараны не істеу керек? Жауап-ұсыныстарым: Жабу керек; Ватсап-телеграм чаттарды мониторинг жасайтын, күштік құрылым қызметтірін үйлестіруші ұйым құрылуы керек; Заңдарды шұғыл түрде, ситуацияға сәйкес өзгерту керек, мысалы заңсыз құжат жасауға қатысқан адамдарға ауыр жаза қарастыру керек; Заңсыз кірген, қос азаматтық алған азаматтарды анықтап, елден депортация жасау керек; Азаматтық беруге уақытша мораторий жариялау (заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін) Азаматтық алуға қатысты заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу. Сенат төрағасының айтқаны заң емес!», — деп жазды Абзал Құспан өзінің фейсбук парақшасында.