Шұғыл түрде Бекболат Тілеуханды елге алдырып, жауапқа тарту керек! – Айгүл Орынбек
Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек ұлттық спортқа бөлінген қаржыны тексеріп, ондағы болып жатқан заңсыздықтардың бетін ашу мәселесін көтерді. Заңгердің атуынша, Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан секілді тұлғалар ұлттық спортқа бөлінген қаржыны оңды-солды шашып, өз пайдаларына жаратып келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Уақытысында ұлттық спорттың қаржысы талан-таражға кетіп жатыр, шұғыл тексеру керек деп, дабыл да қақтым!
Қамшы ұстап, астындағы «асау аттарды» бағындырып жүрген біраз жігіттер үнсіз отырғанда, етек киген мына мен қаншама шырылдадым!
«Самұрық-Қазына» қор болғанмен, ол қорға қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді! Ал мемлекеттік қаржы ол — халықтың ақшасы!
Бекболат Тілеухан Ұлттық спортты құлдыратты, кемшіліктер көп, президенттіктен алып тастау керектігін айтып, талап еткенімде осындағы біразы маған қарсы шығып, жабылған еді!
Қарапайым қызметкерлер бес мың тың теңге пара алғаны үшін жемқорсың деп жеті жылға қамап қоямыз, ал Елдің қазынасын миллиардтап жеген «сауысқанды» жәй ғана шетел асырып, үндемей отыра береміз бе? Әділетті Жаңа Қазақстанымыз қайда қалды?» — деп жазған өзінің facebook парақшасында.
Сонымен қатар ол шұғыл түрде Бекболатты елге алдырып, қылмыстық іс ашып, жауапқа тартуы керек екенін атап өткен.
«Заң тек жарлы-жақыбай мен қарапайым халыққа ғана емес, шенді мен шекпенді, бай-бағланға да, жалпы жұртшылыққа бірдей тең дәрежеде қолданылуы қажет! Ел көріп отыр! Қазір осылай заңсыздықтарға көз жұмып, көрмеген кейіп танытсақ — ертең Халық әділдік іздеп күйініп, ашық күреске шығады! Сондықтан әділ қадам — Елдің ынтымағы мен сенімін нығайтып, заңға бағынуына ықпал етеді!
Экс-жаттықтырушы Рамазан мырзаның айтып отырғандары рас болса, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шұғыл түрде Бекболатты елге алдырып, қылмыстық іс ашып, жауапқа тартуы керек! Қайрат Сатыбалдымен тікелей байланысы бар адам жазасыз қалмау керек!», — дейді заңгердің өзі.
Бұған дейін ютуб арналардың бірінде көкпардан мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібайдың шулы сұқбаты жарияланған болатын. Өз сұқбатында ол Ұлттық спорт қауымдастығы маңайындағы біраз былықтың бетін ашып берген. Жаттықтырушының айтуынша, Ұлттық спорт қауымдастығына бір ғана “Самұрық Қазына” қорының өзінен жылына 1 млрд теңге қаржы аударылып келіпті. Алайда ол ақшаны Бекболат Тілеухан талан-таражға салып отырған.
«Бекболат Тілеухан бастаған адамдар қырғыздармен көкпардың финалына шықпау үшін жартылай финалда өзбектерден ұтылыңдар деді. Өзбекке ұтылды, финалда қырғыздар мен өзбектер ұтылды. Осылай үшінші орында қала бердік. Бекболатты Ұлттық спорт қауымдастығына қолынан жетектеп өзім алып келдім. Ұлттық спортымыз даму керек дедім. Ұлттық спорт жарыстарын қауқылдатып өткіземіз, нәрі жоқ, – дейді Рамазан Сәттібай.