Шұғыл: Тоқаев карантин шілденің соңына дейін созылатынын айтты

0

Карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады, бұл туралы президент өзінің Twitter парақшасына жазды.

«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет» деді Тоқаев.