Шұғыл штаб Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қанша болғанын хабарлады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус індетінен сауығып шыққандардың саны 995 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 20 адам тіркелді, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Алматы облысында – 4, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 4, Атырау облысында – 1, Ақтөбе облысында – 6», – делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 877 адам анықталды:

  • Алматы қаласы – 1278,
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 686,
  • Қызылорда облысы – 214,
  • Шымкент қаласы – 206,
  • Атырау облысы – 175,
  • БҚО – 164,
  • Қарағанды облысы – 154,
  • Ақтөбе облысы – 153,
  • Павлодар облысы – 150,
  • Алматы облысы – 149,
  • Жамбыл облысы – 146,
  • Түркістан облысы – 134,
  • Ақмола облысы – 100,
  • Маңғыстау облысы – 63,
  • Қостанай облысы – 50,
  • СҚО – 30,
  • ШҚО – 25.

Ал коронавирус індетінен сауығып шыққандардың саны 995 адамға жетті, 25 науқас қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз