Шұғыл штаб Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қанша болғанын хабарлады
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус індетінен сауығып шыққандардың саны 995 адамға жетті
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 20 адам тіркелді, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Алматы облысында – 4, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 4, Атырау облысында – 1, Ақтөбе облысында – 6», — делінген хабарламада.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 877 адам анықталды:
- Алматы қаласы – 1278,
- Нұр-Сұлтан қаласы – 686,
- Қызылорда облысы – 214,
- Шымкент қаласы – 206,
- Атырау облысы – 175,
- БҚО – 164,
- Қарағанды облысы – 154,
- Ақтөбе облысы – 153,
- Павлодар облысы – 150,
- Алматы облысы – 149,
- Жамбыл облысы – 146,
- Түркістан облысы – 134,
- Ақмола облысы – 100,
- Маңғыстау облысы – 63,
- Қостанай облысы – 50,
- СҚО – 30,
- ШҚО – 25.
Ал коронавирус індетінен сауығып шыққандардың саны 995 адамға жетті, 25 науқас қайтыс болды.
sputniknews.kz