Шұғыл: Қызылорда маңында ұшақ құлады

0

АН-2 ұшағы Қызылорда маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

4 шілдеде сағат 07.00 шамасында АН-2 ұшағы Қызылорда қаласындағы Қарауылтөбе ауылынан 12 км қашықтықта күріш алқаптарын өңдеп жатқан кезде апатқа ұшырады.

Ол ұшып шыққаннан кейін бірнеше сағаттан соң техникалық ақау салдарынан қонуға мәжбүр болып, егіннің үстіне құлаған.

Бортта 1954 және 1967 жылы туған екі ұшқыш болған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық.