Шуда жас жұбайлар тойға тікұшақпен барды
Тікұшақпен тойға барып, жұрттың назарын аударған жастардың әрекеті үшін әуе компания зардап шегуі мүмкін
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жас жұбайларды тойға апарып, ережені бұзған пилотқа қатысты шара қолданды.
Дүйсенбі, 15 шілде күні қазақстандық БАҚ Falcon Avia ЖШС-нің R-44 тікұшағының видеосын жариялаған болатын.
«Қазақстан республикасының азаматтық авиациясының ұшу ережесінің 423-тармағында қарастырылған нормалар сақталған жоқ. Бұл факті бойынша елді мекенге қонған тікұшақ капитаны А.Матвиенко ұшудан шеттетілді. Сондай-ақ, инспекциялық комиссия «Falcon Avia» жұмысын тексеріп жатыр», — деп жазылған авиациялық комитет хабарламасында.
Бұл компания пилоттарды даярлаумен айналысады.
sputniknews.kz