Шри-Ланкада тағы жарылыс болды, қаза тапқандар саны 150-ден асты

0
36

Коломбодағы шіркеу мен қонақ үйдегі бірнеше жарылыстан соң қаладағы хайуанаттар паркінде де бомба жарылғанын халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады. Екі адам қаза тапқан. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді деп хабарлады ADAderana басылымы.

Жергілікті полиция дерегінше, барлық жарылыстан 150-ден астам адам қаза тапқан, 400-ден астам адам зардап шеккен.

Шри-Ланка президентінің баспасөз қызметі ел аумағында 12 сағатқа коменданттық сағат енгізілгенін хабарлады.

Сәуірдің 21-і күні Шри-Ланканың Коломбо қаласында үш шіркеу және үш қонақ үйде жарылыс болып, жүзден астам адам қаза тапқан. Indian Express қаза тапқандар арасында 30-дан астам шетел азаматы болғанын хабарлады. Әзірге бірде-бір ұйым оқиғаны мойнына алған жоқ.

Azattyq