Шри-Ланкада екі шіркеуде теракт жасалды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Шри-Ланканың астанасы Коломбодағы Қасиетті Антоний шіркеуі мен Катана қаласындағы ғибадатханада жантүршігерлік жарылыстар болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Шри-Ланканың екі шіркеуіндегі жойқын жарылыс салдарынан 80 адам зардап шекті.

Елдің астанасы Коломбодағы Қасиетті Антоний шіркеуі мен Катанадағы ғибадатханада жантүршігерлік жарылыстар болды, деп хабарлайды The National.ae басылымы.

Қытайда жойқын жарылыстан жер сілкініп, 64 адам қаза тапты

Жарылыстар католиктік Пасха мейрамын тойлау кезінде болған.

Басылымның жазуынша, Коломбо мен Негомбо қалаларындағы Shangri-La және Kingsbury қонақүйлерінде де теракт жасалыпты.

​Бастапқы деректерге сүйенсек, шіркеулердің болған жарылыстан 80 адам зардап шекті, ал қонақүйлердегі теракт салдарынан 10 адам қаза тапқан.

Астанадағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы қалай?



sputniknews.kz