ШҚО және Абай облыстарының жаңа әкімдер қашан тағайындалады?

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының жаңа әкімдері бүгін, 17 ақпанда тағайындалуы мүмкін. Бұл күні екі өңірде де мәслихат депутаттарының жиналыстары өтеді. Халық қалаулылары жаңа әкімдерді тағайындауға келісім беруі тиіс.
«Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе Республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаттары депутаттарының Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Абай облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 17 ақпанда сағат 12.30-да мына мекенжай бойынша өтеді: Семей, Абай атындағы театр, үлкен зал», — делінген облыстық мәслихаттың хабарламасында.
Осы Қағидаларға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін 17 ақпанда сағат 10.00-де Өскеменде Қазақстан көшесі, 55 (С.Аманжолов атындағы ШҚУ корпусы) мекенжайы бойынша өтеді.
Фото: Depositphotos.com