ШҚО тұрғыны үйінің бір бөлмесінде 12 мың түп гүл өсіріп отыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Шығыс Қазақстандағы Күршім ауылының тұрғыны қызғалдақ, шырайгүл, роза секілді нәзік гүлдің он шақты түрін үйінде өсіріп отыр. Арнайы орны болмаса да баспанасының кіреберісі мен бір бөлмесін босатып, 12 мың түп отырғызыпты. Оған ауылдастары да разы. Алдағы 8 наурыз мерекесі кезінде алыстан гүл іздеп, ат сабылтпайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

гүл өсіруші

Қызғалдақ, шырайгүл, роза — Әсем Мауытқызы күні-түні баптап, мәпелеп отырған гүлдері. Бұл бастапқыда бір екеуін ермек үшін өсірген әйелдің негізіг жұмысына айналған. Қаншама қиыншылығына төзіп, әрқайсының бүршік жарғанына ол балаша қуанады екен. 

«Қазір мен өте қуанып отырмын. Екі-үш айдан кейін өсімдіктерімнің гүл шашқанына балаша қуанады екенсің. Қандай адам болса да, өзіне кішкене бақыт сыйлағыс келеді. Оған гүл себеп болады», — дейді Әсем Мауытқызы.

Гүл өсіруші Әсем бұрын бастауыш сыныпта мұғалім болған. Негізгі мамандығы — психолог. Ал гүл өсірімен тұрақты үш жыл бойы айналысып келеді. Алайда алыста орналасқан шаруа иесіне арнайы орын мен қаржы жағы қолбайлау болып отыр. Соған қараматан гүлдердің саны мен түрін көбейтіп келе жатқан жандардың арманы асқақ. 

«Гүлдердің фестивалін өткізсем деген арманым бар. Оған 10 күн бе бір апта ма арнап, гүдердін барлығын жайнатсам менен бақытты адам болмайтын еді», — деп қосты ол. 

Әсем Мауытқызы Алтайдың аршасы мен шыршасын да өсіруді қолға алған. Оған жерлестері дән разымыз дейді.

stan.kz