ШҚО соты екі баланы зорлаған ер адамды неге ақтап шығарғанын түсіндірді

0

Шығыс Қазақстан облысының соты екі баланы зорлағаны үшін сотталған ер адамға неге ақтау үкімі шығарылғанын түсіндірді.

ШҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешімді алқабилер мен судьялар дауыс беру арқылы шығарған.

«ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен С. А. Шестаковқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі («Жас балаларды азғыру») және ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі («Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері») бойынша айып тағылды.

Осыған дейін алқабилердің қатысуымен күдіктіге айыптау үкімі шығарылған еді. Алайда алқабилердің дауысы дұрыс есептелмеді деген шағымға қатысты бұл үкімнің күші жойылды. Қайта дауыс беру барысында алқабилердің көпшілігі ақтауға дауыс берді. Істі қайта қарауға 10 алқаби қатысты. Олар айыптау мен қорғаудың барлық дәлелімен танысты. Жасырын дауыс беру барысында алқабилер Шестаковты кінәсіз деп санап, ақтау үкімін шығарды», – делінген хабарламада.

tengrinews.kz