ШҚО қазақ драма театры туралы мәлімет: тарихы мен қызықты деректер

0
213

Театр Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ғимаратында орналасқан

Театр қалай құрылды

Жамбыл атындағы облыстық орыс драма театрының ішінен қазақ труппасы 2000 жылы ашылды. Труппаның құрылуының да өзіндік тарихы бар. Ол үшін облыстық деңгейде байқау жарияланып, өз ісінің шеберлері сайысқа түскен болатын.

Бүгінде осы қара шаңырақтың актерлері көптеген республикалық байқауларда өнер көрсетіп жүр.

Театрда әртүрлі жылдары Владимир Михайлович Аленчук, Рүстем Оразбайұлы Есдәулетов, Сахан Долдиұлы Әкелеев, Руслан Қайрбекұлы Қайырсынов сынды азаматтар басшылық қызмет атқарды.

Жамбыл атындағы облыстық драма театры 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры болып қайта құрылды. Бұл кезде театр директоры ҚР «Мәдениет қайраткері» Ұябай Дінмухамет Мамырқанұлы болды. Көркемдік жетекші қызметіне Акелеев Сахан Акелеев бекітілді.

Театрдың жаңа ғимараты

2015 жылдың 7 сәуірінде театр жаңа ғимаратқа көшті. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев театрдың ашылу салтанатына қатысты.

Тағы оқыңыз: Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры

Сондай-ақ, ұжым Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын аяқтаған тоғыз кәсіби актермен толықты. Бұл жастар оқуды жаңа бітіріп келіп, 2015 жылдың тамыз айынан актерлік қызметке кірісті.

Осы жылдар ішінде алпысқа жуық үлкендер мен балаларға арналған қойылымдар сахналанды.



sputniknews.kz