ШҚО-дағы кеніште екі шахтер белгісіз жағдайда қаза тапты — новости Казахстана

KAZ Minerals Group компаниясының қоғамдық қатынастар департаменті «Востокцветмет» ЖШС Орловск кенішінің 12-ші көкжиегінде үш шахтердің есінен танған күйінде табылғаны туралы мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Азаттық радиосы
Зардап шеккен екі адамның қаза тапқаны бірден анықталған, ал үшіншісін шұғыл түрде ауруханаға жеткізіпті. Қазір оның жағдайы бірқалыпты деп бағаланған.
Оқиға орнында істің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.