ШҚО-да жүргізуші жолаушы ұмыт қалдырған 1,5 миллион теңгені қайтарды

0
ШҚО-да жүргізуші жолаушы ұмыт қалдырған 1,5 миллион теңгені қайтарды


Көлік жүргізушісі пакетті тауып алып, ақшаны иесіне қайтарып берген.

Семей полициясына 12 қарашада 42 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 1,5 миллион теңгесі бар пакетін жоғалтып алғанын айтты, деп хабарлайды Today.kz Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, 

«Жәбірленушінің сөзінше ол «ВАЗ-2107″ автокөлігінің салонында пакетін қалдырып кеткен. Әуезов даңғылы бойына өзін жеткізіп тастаған автокөліктің түсін де, мемлекеттік тіркеу нөмірін де ер адам жаттап қалмаған», – делінген хабарламада. 

Кейін анықталғандай, көлік жүргізушісі пакетті тауып алып, ақшаны иесіне қайтарып берген.