ШҚО-да үшінші қабаттан құлаған сәби аман қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Шығыс Қазақстан облысында бала үшінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 мамыр күні Алтай қаласында бір жарым жасар бала үшінші қабаттан дүкеннің маңдайшасына құлап кеткен.

«Пәтерде терезенің жанында диван тұрған. Сол арқылы бала терезеге оңай көтерілген. Москит торы бала салмағын көтере алмаған, осылайша ол құлап кеткен. Бала аман, ауруханада жатыр», — деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Бұл – облыстағы жыл басынан бері тіркелген алғашқы оқыс жағдай. Құтқарушылар кішкентай балалар бар пәтерлер тұрғындарына арнайы терезе құлыптарын орнатуға, жиһаздарды терезе маңынан алысырақ қоюға шақырды. Кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын айтты

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда кішкентай балалары бар пәтерде тұратын отбасылар үшін терезеге қойылатын темір тор мен құлыпқа қатысты талапты қатаңдатпақшы.

stan.kz