ШҚО-да құстар қырылып жатыр

0

Ауыл тұрғындары бұған шаруа қожалықтарының қандай да бір әрекеті себеп болуы мүмкін деп болжайды.

Алтай (Зырян) ауданында құстар қырылып жатыр. Ал олардың қырылуына не себеп болғаны анық емес, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі YK–news.kz сайтына сілтеме беріп.

Средигорный атты ауылдан көрген куәгер бырдай боп қырылып жатқан кептер мен қарғаларды видеоға түсіріп алыпты. Арасында кейбіреуі қозғалады демесеңіз, өлмеген жаны ғана жатыр.

Ауыл тұрғындары бұған шаруа қожалықтарының қандай да бір әрекеті себеп болуы мүмкін деп болжайды.

Дегенмен, құстардың қатты аяздан да қырылып қалуы ғажап емес. Соңғы күндері бұл жақтағы ауа температурасы 39 градусқа дейін түсіп кеткен болатын.

Сонымен қырылған қанаттылар аудан орталығына арнайы мамандарға жөнелтілді. Жағдайдың нақты себебі сол жерде анықталмақ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/