ШҚО-да осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен бойжеткен өлі күйінде табылды — новости Казахстана

0

Осыдан екі апта бұрын із-түзсіз кеткен ШҚО-ның Жарма ауданы, Қалбатау ауылының тұрғыны Айнұр Семсенованың денесі табылды деп хабарлайды «Устинка» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:altaynews.kz

Фото:altaynews.kz

Семей бойынша Lider.kz-тің үйлестірушісі Евгения Павелдің айтуынша, тәртіп сақшылары бойжеткеннің өлімін растаған. Олардың сөзінше, Айнұр жоғалған күні боран болған, сөйтіп марқұм жолдан адасып кетіп, үсіп қалған.

Алайда қыздың ата-анасы құзырлы орган айтқан нұсқамен келіспей отыр. Олар қызының адасып, үсіп қалғанына сенбейді. Себебі туыстары марқұмның денесі ауылдың ішінен, тұрғын үйлер бар зауыт маңынан табылғанын айтады.

Айнұрдың денесін әкесі тапқан. Алайда марқұмның әпкесі ол жерді бұған дейін тұрғындар мен еріктілер, өзінің күйеуі де қарағанын айтады.

«Мен өзім денені тапқан кезде Айнұрдың арқасымен жатқанын, яқ-қолдары тік болғанын көрдім. Ода жеңіл ұлпа қар болды. Негізінде бірнеше күн боран мен бұрқасын тұрған», — дейді әйел адам.

Жақындары бойжеткеннің денесін ол жаққа тастап кетті деп санайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айнұр Семсенованың 14-ші қаңтар күні жұмысына кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған еді.

Дереккөз: kaz.nur.kz