ШҚО-да өртенген үйден екі сәбидің мәйіті табылды — новости Казахстана

0

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында өртенген үйден екі баланың денесі табылды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.

Көрнекі фото: ktrk.kg

Көрнекі фото: ktrk.kg

Оқиға Каменка ауылының Студенттер көшесінде түсте орын алған. Ал жалын есік-терезелер мен жиһаздарды, киім-кешектерді шарпыған екен.

Көмекке келген көршілер жатын бөлменің бір бұрышынан 3 жасар қыз бен 1,5 жасар баланың өлі денесін тауып алыпты. 38 шақырым жерден өрт сөндірушілер жеткен кезде от үйді түгел шарпып үлгерсе керек.

Тілсіз жау 1,5 сағаттан кейін ғана тоқтатылған. Өртке балалардың абайсыз ойыны себеп болды деген болжам бар.

«Бұл бала шалағайлығының кесірінен адам өліміне әкеп соқтырған жалғыз оқиға. Жыл басынан бері балалар  өртке себепкер болды. Соған қарамастан ата-аналар балаларын үйде қараусыз қалдыруын қояр емес»- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызмет басшысы Анастасия Скляр.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар