ШҚО-да өртенген үйден 2 сәбидің мәйіті табылды

0

2018 жылғы 12 желтоқсан 19:38 52

ШҚО-да өртенген үйден 2 сәбидің мәйіті табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында өртенген үйден екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға түс кезінде болған. Каменка ауылының Студенттер көшесінде өрт шыққан. Қызыл жалын үйдің ағаш едені мен есік-терезелерді, жиһаздар мен киім-кешекті шарпыған. Көмекке ұмтылған көршілер жатын бөлменің бір бұрышынан 3 жасар қыз бен 1,5 жасар баланың өлі денесін тауып алған. 38 шақырым жерден өрт сөндірушілер жеткен кезде от үйді түгел шарпып үлгерсе керек. Тілсіз жау 1,5 сағаттан кейін ғана ауыздықталыпты.

Өртке балалардың абайсыз ойыны себеп болды деген болжам бар.

«Бұл бала шалағайлығының кесірінен адам өліміне әкеп соқтырған жалғыз оқиға. Жыл басынан бері балалар  өртке себепкер болды. Соған қарамастан ата-аналар балаларын үйде қараусыз қалдыруын қояр емес» — деід облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызмет басшысы Анастасия Скляр.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz