ШҚО-да мылтық тауып алған азамат айыппұл төлеуге мәжбүр болды — новости Казахстана
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өзеннің жағасынан тауып алған мылтық үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды деп хабарлайды AltayNews.kz.
Ол қаруды бірден ішкі істер органдарына тапсырмағаны үшін осындай жауапкешілікке тартылып отыр.
Сол себепті оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 482 бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалып, Алтай аудандық №2 сотында қаралды.
Өзінің кінәсін мойындаған ер адамнан 12 калибрлі мылтық тәркіленген. Ол қаруды өзен жағасындағы тастардан тауып алғанын айтыпты.
Сот шешімі бойынша оған әкімшілік шара қолданылып, 33 670 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz