ШҚО-да мектеп бухгалтері 12 миллион мектеп қаражатын құмар ойынға салып жіберген
Тергеу барысында ол 2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін «Күршім ауданының білім бөлімінің» кіші орта мектебінің бухгалтері бола отырып, өзіне артық соманы заңсыз есептеп, өзінің банктік картасына, сондай-ақ мектеп қызметкерлері болып табылмайтын туыстарының банктік карталарына аударғаны анықталды. Осылайша, мемлекетке 11 936 063 теңге көлемінде залал келтірді, делінген сот хабарламасында.
Бухгалтер кінәсін мойындап, құмар ойындарға 9 млн теңге жұмсағанын, ал қалған бөлігін несиелерді өтеуге жұмсағанын айтты.
Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: school.8-zhodino.by