ШҚО-да ер азамат шатырдан түскен қардың кесірінен ажал құшты — Қазақстан жаңалықтары

0

Шығыс Қазақстан облысында ер адам шатырдан түскен қардың астында қалып қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz  порталына сілтеме жасап. 

шатырдағы қар

58 жастағы үйдің иесін шатырда жиналған қар басып қалған. Оқиға 17 наурыз күні ШҚО-ның Чапаево ауылында орын алған. Алған жарақатының салдарынан тұрғын сол мезетте көз жұмыпты. 

«Қыс бойы жұртты әбігерге салған қалың қар тек су басу қауіпін төндірмейді. Күн жылынған кезде тілсіз жау әр адамның үйінің төбесінде жасырынуы мүмкін. Еріген қар біз мезетте үлкен мөлшерде адамның үстіне түссе, өте қауіпті», — деп мәлімдеді ШҚО-ның төтенше жағдайлар департаменті. 

Құтқарушылар тұрғындарға сақ болуды ескертіп, шатырда жиналған қарды дер кезінде тазалауға кеңес берді. 

stan.kz