ШҚО-да емхана әжетханасына іштегі адам көрініп тұратын есік қойған – фото
Келушілердің айтуынша, мұндай «креативті» көзқарас қатты ыңғайсыздық тудырып жатыр
АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер мемлекеттік емханасының бірінші қабатындағы жөндеу жұмыстары кезінде әжетханаға шыны есік орнатылған, деп жазды «Уральская неделя».
Келушілер мұндай «креативті» көзқарас қатты ыңғайсыздық тудырып жатқанын атап өтті. Айтуларынша, медициналық мекеме басшылығының мұндай әрекетін науқастарға құрмет білдірмеу және жұмысына немқұрайлылық таныту деп бағалауға болады.
©
Foto : Уральская неделя
ШҚО-да әжетханаға шыны есік орнатылған
sputniknews.kz