ШҚО-да екі инспекторға 10 браконьер шабуыл жасаған (видео)
Сәкен Ділдахметтің мәліметінше, оқиға 2019 жылғы 23 сәуірде болған.
«Кешкі сағат 18.30 шамасында Көкпекті орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің мемлекеттік инспекторлары балықтардың уылдырық шашу кезінде Шығыс Қазақстан облысы, Жайсан көлінің Базарка аумағында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Рейд барысында бөлімнің екі инспекторына Тассай ауылының тұрғындары тарапынан шабуыл жасалды.
5 қайықта 10 адам күш көрсетіп, балағаттап, ескектермен қайыққа соққы жасап, аударып жібермекші болды.
Аталмыш факты бойынша Көкпекті аудандық полиция бөліміне арыз жолданды», — деп хабардар етті АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті баспасөз хатшысы.