ШҚО-да бөлімшесін өз еркімен тастап кеткен сарбаз ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Шығыс Қазақстанда бөлімшені өз еркімен тастап кеткен әскери қызметші ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

әскер

Министрлік 3 сәуірде 5511 әскери бөлімінің қарапайым әскери қызметкері әскери атыс полигонында қызмет етіп жатқан жерінен өз еркімен кетіп, белгісіз бағытқа кеткенін айтты.

«2020 жылдың 5 сәуірінде сағат 17:10 шамасында Знаменск ауылында 5511 әскери бөлімінің жеке құрамымен жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде сарбаз табылып, ұсталды. Себептері анықталуда», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша, ҚР ІІМ Шығыс РВСУ-да Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 411-бабы 3-бөлігі «Бөлімін заңсыз тастап кету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі тергеу жүргізілуде.

stan.kz