ШҚО-да батып бара жатқан қызды құтқарып қалған жасөспірімнің өзі қаза тапты

0

Ертіске батып бара жатқан қызды құтқарған жасөспірімнің өзі қаза тапты.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 маусымда болған.

2021 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Әшімжанов Нұржігіт Қанышұлы қайтыс болғаннан кейін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

2021 жылдың 30 маусымында Нұржігіт достарымен Ертіс өзенінің жағасында демалып, суға батып бара жатқан қызды көрген болатын. Ол өзі жүзе алмаса да, оны құтқару үшін суға секірді. Қызға қарай жүзген ол оны судағы шұңқырдан шығарып, жағаға қарай итеріп жіберді. Алайда, оның өзі судан шығуға күші жетпеді, оны есінен танып қалған кезде куәгерлер тартып алды.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы келген соң Нұржігітке реанимациялық іс-шаралар көрсетті, алайда баланы құтқару мүмкін болмады.

Марапаттау рәсімін Семей қ. ТЖ басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Жалелов Ернар Ермекұлы өткізді, ол өз кезегінде баланың ата-анасына көңіл айтып, жас кезіне қарамастан нағыз батыр және ерліктің, батылдық пен қайсарлықтың үлгісі болып табылатын ұлды тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.