ШҚО-да алты жылдан кейін егіздер дүниеге келген отбасы артынша үшемнің ата-анасы атанған

0

ШҚО-да алдымен егіздер, мұнан кейін үшем дүниеге келген отбасы тұрады. Олар бүгінде қалай өмір сүріп жатқандарын айтып берді.

 

Болатхановтар Өскеменнен бірнеше шақырым жерде орналасқан Солнечный аулында тұрады, деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Бастапқыда тек қызымыз Милана ғана болды. Арада 6 жыл өткеннен кейін егіз ұлдарымыз өмірге келді. Тағы 4 жылдан кейін үшемнің ата-анасы атанатынымызды білдік», – дейді Екатерина Болатханова.

Бүгінде Болатхановтардың үлкен қызы Милана 13 жаста, ал егіз ұлдары Вислан мен Бислан 7-де. Екатерина Болатханова қыздарымен үйде жалғыз қалады. Себебі Раяна, Ислана мен Мәриям 3 жаста ғана. Сырт көзге қыздар ұқсас қана емес, бір-бірінен айнымайды.

«Олар мүлде әр түрлі. Ұлдарыммен қиындау. Мұғалімдері оларды жиі шатастырады. Педагогтар түгілі, кейде алдымда тұрған Бислан ба, әлде Вислан ба, бірден ажырата алмай қаламын», – дейді отағасы Ринат Болатханов.

Егіз ұлдар мен үшемді тәрбиелеп отырған отбасына жиі қойылатын сұрақ мұндай үлкен жауапкершілікке қалай шыдап, қалай бәріне үлгеретіні турасында екен.

«Менде бәріне үлгеремін немесе үлгермеймін деген таңдау жоқ. Кез-келген ананың қолынан келеді деп ойлаймын. Бір амалын тауып, әйтеуір жолын табады. Балалар кішкентай болған кезде, оларды бөтелке арқылы тамақтандырдым. Олар төсекте бір қырынан жатты. Ал мен оларға бөтелке беретінмін. Олар – үшемдер, ал мен жалғызбын. Сондықтан бөтелкенің астына жөргекті орап қойып қоятын едім. Сонда сүт өздігінен ағып тұрады. Бәрі осылай бөтелкемен сүт ішіп жатып ұйықтап қалатын. Тербеп ұйықтатқаным жоқ», – дейді Екатерина.

Десе де отанасы бүгінде өзіне қиынырақ екенін мойындайды. Себебі үшемі бұрынғыдай кішкентай емес.

«Бұрын тыныш жатса, бүгінде бір орында отыра алмайды. Бірнеше кішкентай баласы барлар мені жақсы түсінеді. Олардың бәрін бақылап отыру оңай емес», – дейді ол.

Болатхановтар мемлекеттен ай сайын 10 мың теңге алады. Десе де отбасыға екі күнге арнап 10 литр сүт сатып алуға тура келеді. Күніне 4 бөлке нан желінсе, ал печенье мен пірәндікті қораптап алады екен.

«Мен жиі пешке түрлі тағамдар пісіремін. Ең көп жұмсалатыны – кір жуғыш ұнтақ. Үлкен 9 келілік қаптама 1 айға ғана жетеді. Жуылатын киім көп. Сондықтан электр қуаты үшін ай сайын 5-6 мың теңге төлейтініміз таңғаларлық емес», – дейді Екатерина.

Болатхановтардың отбасында заттар көр, алайда оларды қоятын бос орын жоқтың қасы. Ұл балалары әкесімен бірге қонақ бөлмесіндегі диванда ұйықтайды. Ал 4 қызы анасымен бірге жатын бөлмеде екен. Бұл бөлмеде үлкен төсек пен екі қабатты төсек бар. Алайда шкаф қоятын орын жоқ. Сондықтан киімдер мен аяқ киімдерді балконға қоюға тура келеді.

Ал теледидар бұл үйде жиі қосулы.

«Біз саясат туралы бағдарламаларды көрмейміз. Тіпті, жаңалықты анда-санда бір тыңдаймыз. Үйде үнемі мультфильмдер қосылып тұрады. Тіпті, бір жағынан бұл дақ жақсы. Бізде ауылымызда неліктен балабақша жоқ екені және не үшін салынбайтыны туралы ойлауға себеп жоқ», – дейді Екатерина Болатханова.