ШҚО-да алапат өрт: 14 үй отқа оранып, 1 кісінің мәйті табылды (видео)

0

Шығыс Қазақстандағы Риддер орман шаруашылығындағы өрт кезінде Лесхоз кентінен 72 және 42 жастағы екі ер адам күйік шалып, жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерлері төбеден 73 жастағы әйелдің мәйітін тауып алды. От шамамен 2 гектарға жайылған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 20 техникасы мен 100-ден астам құтқарушысы және екі МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бірақ от бой берер емес. Осы маңайдағы 14 үйді де от шарпыған.