ШҚО-да 50 жастағы ер адам екі күн бойы орманда адасып жүрген — новости Казахстана

0

ШҚО-да орманда адасып кеткен 50 жастағы ер адамды құтқарылды деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған Қазақпарат.

Көрнекі фото: bsk-news.ru

Көрнекі фото: bsk-news.ru

Белгілі болғандай 50 жастағы тұрғын Риддер қаласына келе жатқанда екі күн бұрын жолынан жаңылған. Оның үстіне шаңғысы да сынып қалған.

Ер адам жол іздеп орман ішін шарлап жүре берген де, әбден қалжырап, бір шыршаның түбіне отыра кеткен. Сол отырған жерінен оны куәгерлер тауып алып, құтқарушыларға хабар берген.

Шығыс өңірлік құтқару қызметінің бас құтқарушысы Валентин Титаренконың сөзінше, ер адам табылған жер мен Риддердің арасы 25 шақырым екен. Сондықтан онда жол болмағандықтан, тұрғынды қалаға жеткізу қиынға соққан.

Қарда жүретін машинаның көмегімен әкелінген тұрғын бірден ауруханаға жеткізілген. Оның аяқ-қолы, беті үсіп қалған екен.

Құтқарушылар осы орайда ел тұрғындарына аязды күнде, әсіресе түнде тауға, орманға бармауға кеңес береді.